БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында екі алтын медаль жеңіп алды

Мысыр астанасы Каирде нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, екі алтын медаль еншіледі.

50 метр қашықтықтан мылтықпен жатып ату сайысында Олег Носков қарсыластарынан оқ бойы озып, чемпион атанды.

Ал 25 метрден тапаншамен ату бәсекесінде Кирилл Цуканов жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Айта кетейік, Әлем кубогының бұл кезеңі 27 сәуірге дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button