
Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында алғашқы медаліне қол жеткізді.
Джиу-джитсудан сынға түскен Батыр Теңізбай 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
Қола медаль үшін өткен белдесуде ол отандасы Мансұр Хабибулламен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осы нәтижемен Теңізбай турнирдің үшінші сатысына көтерілді.
Айта кетейік, бүгін сондай-ақ Жібек Құлымбетова (52 келіге дейін) мен Ажар Салықова (63 келіге дейін) қола жүлде үшін бақ сынайды.



