ФУТБОЛ

Шымкентте ҚФФ-ның скаутинг бойынша алғашқы оқу семинары аяқталды

Шымкент қаласында 13–16 сәуір аралығында өткен Қазақстандағы алғашқы скаутингке арналған оқу семинары өз мәресіне жетті. Іс-шара U-14 жасөспірімдер командалары арасындағы «Жалын» республикалық турнирі аясында ұйымдастырылды.

Семинар бағдарламасы таланттарды іздеу және анықтау бағытында жұмыс істейтін бастапқы деңгейдегі (Level III) мамандарды даярлауға арналды. Оған еліміздің түрлі өңірлерінен келген 25-тен астам жаттықтырушылар мен футбол ұйымдарының өкілдері қатысты.

Халықаралық сарапшылар қатарында Стив Марроу және Роджер Мейхтри болды. Олар қатысушылармен тәжірибесімен бөлісіп, жас футболшыларды іріктеу мен бағалаудың заманауи тәсілдерін таныстырды.

Оқу бағдарламасы теориялық және практикалық сабақтарды қамтыды. Қатысушылар ойыншыларды талдау, іріктеу және бағалау дағдыларын меңгерді. Практикалық бөлім «Жалын» турнирінің матчтары барысында өтті.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар Level III деңгейіндегі скаут дипломдарын алды. Бұл бастама Қазақстанда скаутингтің бірыңғай жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button