ДЗЮДО

Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан қола медаль үшін күреседі

Қазақстан құрамасының дзюдошылары Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қос спортшы финалға шыға алмады. Давлатов жартылай финалда Тайбэй өкілі Ян Юнвэйге қарсы белдесуде жеңілсе, Бақытжан бахрейндік Руслан Полторацкийге қарсы жекпе-жекте ұтылды.

Енді қазақстандық балуандар қола медаль үшін күреседі. Шерзод Давлатов өзбекстандық Самариддин Кучкаровқа қарсы татамиге шығады. Ал Аман Бақытжан моңғолиялық Туменаджаргал Тувшинтүмен белдеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button