
Италияның Падуя қаласында қылыштасудан Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді. Аталған турнирге Қазақстан ерлер құрамасы қатысады.
Ұлттық құрама сапына Артем Саркисян, Бексұлтан Абжал, Қуаныш Ерғашбай, Жанат Нәбиев, Қайназар Нұрқатұлы, Назарбай Саттархан және Нұрмұхаммед Жайлыбай енді.
Қазақстандық спортшылар жекелей және командалық сында бақ сынайды.
Әлем кубогының кезеңі 17–19 сәуір аралығында өтеді.
Айта кетейік, 2023 жылы осы Падуядағы турнирде Артем Саркисян күміс медаль жеңіп алған еді.



