
Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.
Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов 14,600 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды.
Ал Нариман Курбанов 14,000 ұпаймен үшінші орынға ие болып, қола медаль жеңіп алды.
Бұл бағдарламада алтын жүлдені армениялық Гамлет Манукян (14,733 ұпай) иеленді.
Айта кетейік, Милад Карими де финалға шықты. Ол кермедегі жаттығуда медаль үшін бақ сынайды.



