ФУТБОЛ

Юлия Мамонова: «Бұл – ҚФФ және барлығымыздың ортақ жеңісіміз»

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасының бас бапкері Юлия Мамонова Еуропа чемпионаты іріктеуінің А лигасына шығу нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

Маманның айтуынша, команда бұл жетістікке бірнеше жылдық жүйелі жұмыстың арқасында жеткен.

«Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Бұған дейін қатарынан үш мини-турнирде А лигасына шығуға бір қадам жетпей келген едік. Биыл сол межені еңсердік.

Қыздар үлкен еңбек атқарды. Бұл нәтиже – еліміздегі әйелдер футболының жүйелі дамуының көрінісі. Қазір футбол орталықтарында жас санаттары толық қамтылған. Соның арқасында ұлттық құрамаға ойыншыларды іріктеу мүмкіндігі артты.

Бұл жетістікке клубтардағы бапкерлердің де үлесі зор. Барлығына алғыс айтамыз. Бұл – ортақ жеңіс.

Алдағы уақытта да дамып, нәтижемізді жақсарта береміз деп сенеміз. Жанкүйерлерге қолдау үшін рақмет», – деді Мамонова.

Айта кетейік, Қазақстан WU-17 құрамасы алғаш рет Еуропа чемпионаты іріктеуінің А лигасына жолдама алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button