БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан гимнастары Каирде екі медаль жеңіп алды

Мысыр астанасы Каирде өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы жүлделі орындарға ие болды.

Ат үстіндегі жаттығулар финалында Зейнолла Ыдырысов 14,566 ұпай жинап, күміс медаль иеленді.

Дәл осы бағдарламада Нариман Курбанов 14,566 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал алтын медальді армениялық Гамлет Манукян жеңіп алды.

Осылайша, қазақстандық гимнастар халықаралық турнирде жоғары нәтиже көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button