
Қазақстандық үстел теннисшілері Айдос Кенжіғұлов пен Дастан Кенжіғұлов Аустрия кубогында жүлдеге қол жеткізді.
Айдос өнер көрсететін «Штоккерау» клубы финалда «Вельс» командасын 3:1 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Ол шешуші кездесуде бір матч өткізіп, қарсыласын 3:0 есебімен айқын ұтты.
Ал Дастан Кенжіғұлов «Баден» клубының құрамында жарысты қола медальмен аяқтады.
Осылайша, қазақстандық теннисшілер халықаралық деңгейде тағы бір табысты нәтиже көрсетті.



