ФУТБОЛ

Қазақстан U-18 құрамасы Грузиядан ірі есеппен жеңілді

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Тбилисиде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Грузиямен алғашқы жолдастық кездесуін өткізді.

Матчта алаң иелері 6:2 есебімен басым түсті. Қазақстан құрамасы сапынан голдарды Артурұлы мен Аракелянц соқты.

Кездесуде грузиялық футболшылар бірінші таймда екі гол соғып, басымдыққа ие болды. Үзілістен кейін де олар шабуыл қарқынын бәсеңдетпей, есеп айырмасын ұлғайта түсті.

Екі команда арасындағы екінші жолдастық матч 30 наурыз күні өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button