БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан семсерлесуден Әлем кубогында қола үшін таласады

Астанада өтіп жатқан шпагамен семсерлесуден Әлем кубогында Қазақстан құрамасы жүлдеге бір қадам қалды.

Жартылай финалда отандастарымыз әлемдік рейтингте жоғары тұрған Франция құрамасымен кездесіп, 45:38 есебімен жеңіліс тапты. Кездесу ұзақ уақыт тең дәрежеде өткенімен, соңғы сәттерде қарсылас басымдыққа ие болды.

Енді Қазақстан құрамасы үшінші орын үшін Жапония командасымен бақ сынайды. Жапондар жартылай финалда Италияға есе жіберген еді.

Айта кетейік, бұл кездесуде ел намысын Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Никита Жулинский қорғады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button