
Астанада ұйымдастырылған шпагамен семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде Руслан Құрбанов күміс медаль жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы финалда украиналық Роман Свичкар қарсыласымен кездесіп, 15:12 есебімен жеңіліс тапты.
Осылайша, Құрбанов турнирді екінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін ол Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алған болатын.



