
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы жүлде қорын толықтырды.
Ерлер құрамасы классикалық садақ атудан финалда Үндістанды 5:4 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді. Жеңімпаздар қатарында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Дастан Кәрімов бар.
Әйелдер құрамасы да осы бағдарламада үздік атанып, Қытай командасын 6:2 есебімен ұтты. Алтын медальді Александра Землянова, Самира Жұмағұлова және Диана Тұрсынбек жеңіп алды.
Сонымен қатар, аралас командалық сайыста Виктория Лян мен Бунед Мирзаметов Сингапур спортшыларын 152:151 есебімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы блоктық садақ атудан да алтын медаль жеңіп алған еді.



