
Қазақстан құрамасы Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.
Әйелдер құрамасы блоктық садақ атудан финалда Үндістан командасын 229:227 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды. Жеңімпаздар қатарында Виктория Лян, Роксана Юнусова және Диана Юнусова бар.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасын алда тағы екі финал күтіп тұр. Ерлер және әйелдер командалары классикалық садақ атудан алтын жүлде үшін бақ сынайды.



