БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогы өтіп жатыр

Елордада семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі басталып, әлемнің үздік спортшылары Қазақстанда бас қосты.

Бұл – FIE қолдауымен өтетін беделді турнир. Қазақстан тарихында алғаш рет осындай деңгейдегі жарыс ұйымдастырылып отыр. Осы арқылы ел Орталық Азияда Әлем кубогын қабылдаған алғашқы мемлекет атанды.

Додаға 200-ден астам әйел және 270-тен астам ер спортшы қатысуда. Командалық жарыста 50-ден астам құрама бақ сынайды. Жалпы қатысушылар саны мыңнан асады.

Қазақстан құрамасы бұл турнирде кең құраммен өнер көрсетуде. Ерлер арасында Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов жүлде үшін таласады.

Әйелдер арасында Ульяна Писцова, София Николайчук, Каролина Фомина және Владислава Андреева өнер көрсетуде.

Айта кетейік, FIE күнтізбесіне мұндай деңгейдегі небәрі бес турнир ғана кіреді. Биыл сол тізімге Қазақстан да қосылып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button