БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан WADA-мен келісімге келді: таза спорт бағыты күшейеді

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі WADA-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат Польшаның Торунь қаласында өткен жабық ғимараттағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аясында рәсімделді. Келісімге министр Ербол Мырзабосынов пен WADA президенті Витольд Банька қол қойды.

Меморандум Қазақстанның таза спорт қағидаттарына адалдығын айқындап, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Тараптар допингке қарсы саясатты жетілдіру, ғылыми зерттеулерді дамыту және білім беру бағдарламаларын кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында 2027 жылы Астанада WADA Атқарушы комитеті мен Құрылтай кеңесінің отырыстарын өткізу мүмкіндігі де қарастырылды.

Министрдің айтуынша, бұл келісім Қазақстанда адал бәсекелестік мәдениетін қалыптастыруға және халықаралық стандарттарды енгізуге серпін береді. Өз кезегінде Витольд Банька Қазақстанның өңірдегі таза спортты дамытудағы рөлін жоғары бағалады.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев WADA басшысын қабылдап, оны II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттаған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button