Қазақстан Премьер-лигасының 2-тур матчтарының жекелеген ойын сәттеріне түсіндірме

«Қайсар» – «Астана»
67-минут. Алаң иелерінің №11 ойыншысы қарсылас айып алаңына қарай жылдам шабуылға шыққан сәтте, қонақтар сапындағы №7 ойыншы арт жағынан сырғып келіп, қарсыластың оң аяғына анық соққы жасайды. Бұл доппен таза ойнау емес, қарсыласқа қауіпті әрекет саналады. Ойыншыда бұған дейін де бірнеше ескерту болған, сондықтан оған сары қағаз көрсетілуі тиіс еді. VAR араласуы дұрыс емес, себебі бұл эпизод (екінші сары қағаз) VAR хаттамасына кірмейді. Қорытынды шешім: екінші сары қағаз көрсетпеу (автоматты түрде алаңнан қумау) – қате.
«Тобыл» – «Жетісу»
90+4-минут. Алаң иелерінің айып алаңында қонақтардың №16 ойыншысы допқа ойнаған сәтте, №99 қорғаушы жанынан сырғып келіп, созылған аяғымен қарсыласын қағып, құлатады. Арақашықтық алыс болғанына қарамастан, төрешінің көру бұрышы жақсы болып, бірден пенальти белгілейді. VAR тексерісінен кейін араласудың болмауы – дұрыс. Қорытынды шешім: пенальти тағайындау – дұрыс.
«Ертіс» – «Атырау»
71-минут. Қонақтар айып алаңына бұрыштамадан доп асырылды. Алаң иелерінің №33 шабуылшысы мен қонақтардың №2 қорғаушысы доп үшін күреске дайындалып жатқанда, шабуылшы арттан сезілген жанасуды пайдаланып, шынтағын «қару» ретінде қолданып, жоғары қарқынмен қарсыласының бетіне соққы жасайды. Төреші эпизодты байқамай, ойынды жалғастырады. VAR тексерісінен кейін дұрыс араласу болды. Қорытынды шешім: өрескел мінез-құлық үшін қызыл қағаз көрсету – дұрыс.
«Елімай» – «Алтай»
90+3-минут. Қонақтар айып алаңына ұзын пас берілгеннен кейін доп жерден жоғары көтеріледі. Қақпашы мен шабуылшы доп үшін секіреді. Шабуылшы бірінші болып допқа тиеді, ал қақпашы кешігіп, қолымен қарсыласының басына тиеді. Бұл – қарсыласқа қауіпті әрекет. Төреші эпизодты талдап, бірден пенальти тағайындайды. VAR араласуының болмауы – дұрыс. Қорытынды техникалық шешім: пенальти тағайындау – дұрыс.
«Каспий» – «Оқжетпес»
74-минут. Қонақтар айып алаңы ортасына берілген допта алаң иелерінің №23 шабуылшысы допқа ойнаған сәтте, №14 қорғаушы аяғын жоғары көтеріп, шиптерін көрсетіп, қарсыластың аяғына анық соққы жасайды. Төреші қолайсыз позицияда болып, эпизодты байқамай, ойынды жалғастырады. VAR араласпауы – қате. Қорытынды шешім: пенальти тағайындамау және сары қағаз көрсетпеу – қате.



