ДЗЮДО
Қазақстан дзюдошылары Тбилисидегі Grand Slam турнирінде бақ сынайды

Грузияның Тбилиси қаласында дзюдодан Grand Slam сериясының кезекті кезеңі өтеді, деп хабарлайды.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) турнирге қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының сапында 12 спортшы бар.
Қазақстан құрамасының құрамы төмендегідей:
60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин
81 келіге дейін: Мәди Амангелді, Асқар Нарқұлов
90 келіге дейін: Барақ Арқабай
100 келіге дейін: Бақжан Байтас, Бейбіт Мадеев
100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев
Айта кетейік, Тбилисиде өтетін Grand Slam турнирі 20–22 наурыз аралығында ұйымдастырылады.


