БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Зейнолла Ыдырысов Антальядағы Әлем кубогы кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты

Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі басталды.

Іріктеу кезеңінің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасынан Зейнолла Ыдырысов финалға жолдама алды.

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда 14.566 ұпай жинап, іріктеу кезеңін бірінші орынмен аяқтады.

Ал осы бағдарламада өнер көрсеткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов 13.600 ұпаймен 11-орынға тұрақтап, жарысты ерте аяқтады.

Айта кетейік, бүгін, 13 наурызда, Антальяда Әлем кубогының іріктеу кезеңінің екінші жарыс күні өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button