
Астанада көркем гимнастикадан Alem Cup халықаралық турнирі аяқталды.
Сеньорлар арасындағы көпсайыс қорытындысы бойынша қазақстандық Ақмарал Ерекешева 112.350 ұпай жинап, жарыстың жеңімпазы атанды. Күміс медальді оның командаласы Айым Мейіржанова иеленді (110.300). Ал қола жүлде италиялық гимнаст Виола Селлаға бұйырды (106.650).
Юниорлар арасындағы көпсайыста да қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. Бұл бағдарламада Анна Рубцова 100.750 ұпаймен бірінші орын алды. Екінші орынды Линара Жайлауова иеленді (98.900). Үздік үштікті италиялық Вероника Заппатеррени (95.800) түйіндеді.



