Владимир Чебурин «Атырау» клубының бас бапкері болып тағайындалды

Тәжірибелі қазақстандық маман Владимир Чебурин «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Ол футболдағы еңбек жолын Қарағанды қаласында бастап, жергілікті «Шахтёр» клубында ойыншы ретінде өнер көрсетті.
2009 жылы Владимир Чебурин Қарағандының «Шахтёр» клубын Қазақстан чемпионатының қола жүлдесіне жеткізіп, командамен бірге Қазақстан Кубогының финалына шықты. Сонымен қатар ол «Оқжетпес» клубын қайтадан Премьер-лигаға алып шыққан.
Халықаралық деңгейде де табысты жұмыс істеп, Литваның «Судува» клубымен бірге үш рет ел чемпионы атанды. Оның жетекшілігімен команда еурокубоктық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп, плей-офф кезеңіне дейін жетті.
Кейін ол Литваның «Жальгирис» клубын жаттықтырып, командамен бірге үш мәрте ел чемпионы және екі рет Литва Кубогының жеңімпазы атанды. Владимир Чебурин Литвада үш рет «Жыл бапкері» атағына ие болған.



