БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Владислав Рябко Таиландтағы еспелі слалом турнирінде қола медаль жеңіп алды

Таиландтың Районг қаласында еспелі слаломнан халықаралық рейтингтік турнир өтіп жатыр.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына қола медаль түсті.

Қазақстандық спортшы Владислав Рябко каяк-кросс бағдарламасында сәтті өнер көрсетіп, үшінші орынға ие болды.

Турнирде Аустралия өкілі Севан Билло жеңімпаз атанса, Өзбекстан спортшысы Самандар Сайдуллаев екінші орын алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button