
Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында өз алаңында Армения құрамасын қабылдап, 3:0 есебімен айқын басымдық танытты.
Кездесу Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтті. Бұл матч ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Бегайым Қырғызбаева үшін алғашқы ресми ойын болды.
Ойынның 35-минутында Александра Бурова есеп ашты. Екінші таймда Анеля Мамырова 76-минутта мергендігімен көзге түссе, 79-минутта Бибігүл Нұрышева үшінші голды соғып, матч тағдырын толық шешті.
Матч нәтижесі
Қазақстан – Армения – 3:0
Қазақстан құрамасы
Портнова (қақпашы), Бурова, Власова, Нұрышева, Низамутдинова (Сұңқарова 86), Хайрулина, Жұмабайқызы (Шустова 74), Бабшук (капитан), Гайстенова (Тучина 74), Берікова (Мамырова 62), Бибосынова (Тұрлыбекова 62).
Қосалқы құрам: Исмайлова, Зейнали, Бекқожина, Рахатжан, Абдулаева, Алданазар, Сатығалиева.
Бас бапкер: Бегайым Қырғызбаева.
Армения құрамасы
Кеворкян (қақпашы), Харутунян (Казанчан 64), Карагезян, Газарян, Вартанян, Даллакян, Казанджан, Нерсесян (Хачатрян 38), Артин (капитан) (Костанян 85), Асатрян, Пизлова.
Қосалқы құрам: Погосян, Саядян, Мовсесян.
Бас бапкер: Артак Адамян.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы келесі ойынын 7 наурыз күні Астанада Беларусь құрамасына қарсы өткізеді.



