ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды

Қазақстан суперкубогында алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» кездесті.

Маусымның алғашқы ойынында екі команда да тәжірибелі ойыншыларға сенім артып, құрамдарын шетелдік футболшылармен толықтырды. Кездесу қарқыны жоғары басталып, қарсыластар бірден шабуылға ден қойды.

Ойынның 6-минутында «Тобылдың» венесуэлалық шабуылшысы Луис Герра есеп ашты. Алайда 20-минутта Александр Мрынский таразы басын теңестірді. 26-минутта Жоржиньо тепкен пенальтиді қақпашы Сұлтан Бұсұрманов қайтарғанымен, Яакко Оксанен қосымша соққымен гол соғып, «Қайратты» алға шығарды.

Екінші таймда қостанайлық клуб қарқынын үдетіп, 89-минутта Асхат Тағыберген есепті 2:2-ге жеткізді. Негізгі уақыт тең аяқталған соң жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.

11 метрлік соққыларда «Тобыл» ойыншылары қателеспей, қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан суперкубогының иегері атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button