БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық семсерлесушілер жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жүлдеге ілікті

Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді.

Командалық бәсекеде отандастарымыз турнир қорытындысы бойынша үшінші орынға тұрақтады.

Ұлттық құраманың сапында Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов, Яков Федотов және Нариман Уәлихан өнер көрсетті.

Жарыс барысында қазақстандықтар Жаңа Зеландия құрамасын 45:31, сондай-ақ Өзбекстанды 44:33 есебімен ұтты.

Алайда жартылай финалда Гонконг командасына 37:45 есебімен есе жіберіп, чемпионатты қола жүлдемен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button