ДЗЮДО
Ташкент Grand Slam: қазақстандық дзюдошылар алғашқы күні жеңіліс тапты

Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан Grand Slam санатындағы халықаралық турнир басталды.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан төрт спортшы татамиге шыққанымен, олардың ешқайсысы келесі кезеңге өте алмады.
60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин бахрейндік Руслан Полторацкийден жеңілді. Ал Талғат Орынбасар өзбекстандық Камоллидин Бахтиеровке есе жіберді.
66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев жергілікті спортшы Бобур Ваджиевтен ұтылса, Ақылжан Жұбатқанов бразилиялық Рональд Лимаға жол берді.
Осылайша қазақстандық дзюдошылар турнирдің алғашқы жарыс күнін жүлдесіз аяқтады.



