БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық семсерлесуші қыздар Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан әйелдер құрамасы Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді.

Отандастарымыз қылыштасудан командалық сайыста үшінші орын алып, қола медаль иеленді. Құрама сапында Қайша Жәнібек, Адема Серікбай, Наргиз Сайдуллаева және Адиля Рсалина өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшылар жартылай финалға дейін сәтті жеткенімен, бұл кезеңде Өзбекстан құрамасына 37:45 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде команда турнирді үшінші орынмен аяқтады.

Аталған жарыста Қытай құрамасы чемпион атанса, Өзбекстан екінші орынға ие болды. Жапония құрамасы да Қазақстанмен бірге қола жүлдеге қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button