
Угандада бадминтоннан жасөспірімдер арасында өткен Uganda Junior International 2026 халықаралық турнирі мәресіне жетті. Аталған жарыста Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды.
Қыздар арасындағы жұптық сында Диана Наменова мен Алиса Кулешова чемпион атанып, қоржынға алтын медаль салды. Сонымен қатар Диана Наменова жекелей бәсекеде де финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды.
Ерлер арасындағы жұптық сайыста Арнұр Тәпішев пен Мұстафа Мәлікжанов күміс медаль жеңіп алды.
Осылайша қазақстандық жас бадминтоншылар халықаралық додада ел мерейін үстем етіп, төрт бірдей жүлдемен жарысты аяқтады.



