
Қазақстандық семсерлесуші София Актаева Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль иеленді.
Отандасымыз рапирамен семсерлесу бәсекесінде сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті. Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде ол қытайлық Чжу Линьлиньмен айқасып, тартысты бәсекеде 14:15 есебімен жеңіліп қалды.
Осы нәтижеден кейін София Актаева құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды.



