ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан әйелдер құрамасын Бегайым Қырғызбаева жаттықтырады

Қазақстан футбол федерациясы Бегайым Қырғызбаеваның футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалғанын ресми түрде жариялады.

Бегайым Сапарқызы – қазақстандық әйелдер футболының ең танымал өкілдерінің бірі. Футболшы ретінде ол 11 рет Қазақстан чемпионы атанып, 10 мәрте ел Кубогын жеңіп алған.

Ұлттық құрама сапында 2003 жылдан бері өнер көрсетіп, әйелдер құрамасы тарихындағы ең көп матч өткізген ойыншы атанды. Оның есебінде ұлттық команда жейдесімен 85 ойын және 17 гол бар.

Бапкерлік жолын 2022 жылы бастаған маман «Оқжетпес» және «Елімай» әйелдер клубтарын жаттықтырды. Сондай-ақ Қазақстан әйелдер құрамасында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған.

Осылайша, енді Бегайым Қырғызбаева ұлттық құраманың толыққанды бас бапкері ретінде командаға жетекшілік етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button