БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық үш гимнаст Котбустағы Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр. Іріктеу жарыстары аяқталып, финалға өткен спортшылар анықталды.

Қазақстан құрамасынан үш гимнаст шешуші кезеңге жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Курбанов 14,700 ұпай жинап, бесінші орынмен финалға өтті. Зейнолла Ыдырысов 14,566 ұпай еншілеп, алтыншы нәтиже көрсетті. Екеуі де ат снарядындағы жаттығу бойынша медаль үшін таласады.

Ал еркін жаттығуда Дмитрий Патанин 13,533 ұпаймен сегізінші орын алып, финалға шықты.

Финалдық бәсекелер 21–22 ақпан күндері өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button