ФУТБОЛ
«Ордабасы» клубына жаңа президент келді

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметті Дархан Еркінұлы Қызайбаев атқарады.
Дархан Қызайбаев 1990 жылғы 3 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 2009-2014 жылдары АҚШ-та білім алып, Penn State University университетін «Экономика және халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ол еңбек жолында коммерциялық және өндірістік салаларда басшылық қызметтерді атқарып, стратегиялық даму мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағыттарына жетекшілік еткен. Сондай-ақ түрлі кезеңде ірі өндірістік және халықаралық компаниялардың басқару органдарына мүше болған.
Еске салайық, бұған дейін «Ордабасы» клубының президенті қызметін Асхат Сейсембек атқарып келген еді.



