ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі бүгін басталады

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі ресми түрде шымылдығын түріп, Еуропаның үздік клубтары 1/16 финал аясында алғашқы кездесулерін өткізеді. Командалар екі матчтың қорытындысы бойынша келесі айналымға жолдама үшін таласады.

Алғашқы ойын күні жанкүйерлерді бірден тартысты матч күтіп тұр. Ыстамбұлда түркиялық «Галатасарай» өз алаңында туриндік «Ювентусты» қабылдайды. Бұл қарсыласу — турнирдің ең қызықты жұптарының бірі саналады.

18 ақпанға қараған түні бірнеше маңызды кездесу өтеді. Португалиялық «Бенфика» мадридтік «Реалмен» кездессе, германиялық «Боруссия Дортмунд» италиялық «Аталантамен» ойнайды. Францияда «Монако» мен «Пари Сен-Жермен» арасындағы принципті текетірес өтеді.

Сондай-ақ Әзербайжанның «Қарабағы» ағылшындық «Ньюкасл Юнайтедті» қабылдайды. Бельгиялық «Брюгге» мадридтік «Атлетикомен» кездеседі. Норвегияның «Будё/Глимт» клубы миландық «Интермен» ойнаса, грек жерінде «Олимпиакос» пен германиялық «Байер» өзара мықтыны анықтайды.

Жауапты матчтар 24-26 ақпан аралығында өтеді. Ал Чемпиондар лигасының финалы 31 мамырға жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button