
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ірі халықаралық турнирде 12-ші әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңді.
Спортшы бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, бұл жеңіс 2027 жылы Германияның Вайссенхаус қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік береді.
«Жеңіске жету әрқашан жағымды, әсіресе егер бұл келесі әлем чемпионатына қатысуға кепілдік берсе. Тамаша турнир үшін рақмет! Келесі жылы осында оралуды асыға күтемін», – деп жазды Бибісара Асаубаева.



