БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

Колумбияның Медельин қаласында өтіп жатқан Әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді.

Ерлер арасында ел намысын қорғаған Эдуард Ким еркін бағдарламада 195.2476 ұпай жинап, ірі халықаралық турнирдің чемпионы атанды.

Сонымен қатар әйелдер құрамасы да еркін бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Айта кетейік, бұған дейін техникалық бағдарламада тағы бір қазақстандық спортшы Виктор Друзин қола медаль еншілеген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button