
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамалар арасында жолдастық матч өткізу жөнінде Мажарстан футбол федерациясымен келісімге келді.
Кездесу 2026 жылдың 9 маусымында Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өтеді. Бұл матчта Қазақстан мен Мажарстан құрамалары алаңға шығады.
Алдағы ойын екі команда арасындағы үшінші кездесу болмақ. Бұған дейінгі екі матчтың бірінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, бір ойында қарсыласына есе жіберген.



