ТЕННИС

Теннис: Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Монакоға есе жіберді

Астанада Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобы плей-офф кезеңі аясында Қазақстан мен Монако құрамалары арасындағы матч аяқталды.

Екі күнге созылған тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1:3 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Алғашқы жекелей кездесуде Александр Бублик қарсыласын 6:0, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңіп, есеп ашты. Алайда одан кейінгі матчта Александр Шевченко Монако өкіліне дәл осы есеппен жол беріп, жалпы есеп теңесті.

Екінші жарыс күні жұптық сында Александр Бублик пен Бейбіт Жұқаев Роман Арнеодо мен Уго Нис дуэтіне қарсы ойнады. Үш сетке созылған тартыста қазақстандық жұп 7:6, 6:7, 6:7 есебімен жеңілді.

Шешуші матчта Александр Бублик пен Валантен Вашро кортқа шықты. Бұл кездесуде де тартыс жоғары деңгейде өтіп, қазақстандық теннисші 6:7, 6:7 есебімен ұтылды.

Осылайша Монако құрамасы жалпы есепте жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button