
Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Рината Сұлтанова Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.
Қазақстандық спортшы 20 шақырымдық жекелей жарыста мәреге бірінші болып жетіп, алтын медаль иеленді.
Күміс жүлдені И Уин Леунг (Гонконг) жеңіп алса, қола медаль Хао Чжан (Қытай) еншісіне тиді.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 ақпанға дейін жалғасады.



