Дэвис кубогы: Қазақстан мен Монако құрамында кімдер ойнайды

6–7 ақпан күндері Астана қаласында теннистен Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобы аясындағы плей-офф матчы өтеді. Қазақстан құрамасы өз алаңында Монако командасын қабылдайды.
Бұл кездесудің маңызы зор. Қарсыласынан басым түскен ұжым әлемдік элитадағы орнын сақтап, 2027 жылғы Дэвис кубогы финалдық кезеңінің іріктеу турына жолдама алады.
Матчтар Beeline Arena ұлттық теннис орталығының жабық корттарында өтеді. Регламент бойынша төрт жекелей және бір жұптық кездесу ойнатылады.
Айта кетейік, Қазақстан мен Монако құрамалары Дэвис кубогы тарихында алғаш рет кездескелі отыр.
Қазақстан құрамасының сапында:
-
Александр Бублик – әлемнің 10-ракеткасы
-
Александр Шевченко
-
Бейбіт Жұқаев
-
Тимофей Скатов
-
Денис Евсеев
Монако құрамасының көшбасшысы:
-
Валантен Вашеро – әлемнің 27-ракеткасы
Сондай-ақ Монако сапында Леонардо Любичич, Ромен Арнеодо, Бенжамен Баллере және Юго Нисті өнер көрсетеді.



