ФУТБОЛ

Қазақстан U-17 құрамасы Минскте өтетін Даму кубогына қатысады

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 19-24 ақпан аралығында Минскте (Беларусь) өтетін Даму Кубогы халықаралық турнирінде ойнайды.

Қазақстан U-17 құрамасының оқу-жаттығу жиыны 8 ақпанда Талғардағы ҚФФ құрама командалары Базасында өтеді.

Жарысқа сегіз команда қатысады: Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан мен Минск құрамасы.

Командалар екі топқа бөлінеді. «А» тобында біздің команда Беларусь, Тәжікстан және Минск құрамаларымен ойнайды. «В» тобы Беларусь U16, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей командаларынан тұрады.

Даму Кубогы-2026 матчтарының кестесі (Қазақстан уақыты көрсетілген):

19 ақпан (бейсенбі)

12:30 Минск құрамасы U17- Қазақстан U17 
14:50 Әзербайжан U17 — Ресей U17
17:10 Беларусь U16 — Өзбекстан U17
20:00 Беларусь U17 — Тәжікстан U17

20 ақпан (жұма)

13:00 Минск құрамасы U17 — Тәжікстан U17
15:20 Әзербайжан U17 — Өзбекстан U17
17:40 Беларусь U16 — Ресей U17
20:00 Беларусь U17 — Қазақстан U17 

21 ақпан (сенбі)

13:00 Қазақстан U17 — Тәжікстан U17
15:20 Ресей U17 — Өзбекстан U17
17:40 Беларусь U16 — Әзербайжан U17
20:00 Беларусь U17 — Минск құрамасы U17

23 ақпан (дүйсенбі)

12:00 «А» тобының төртінші орны – «В» тобының төртінші орны

14:20 «А» тобының үшінші орны – «В» тобының үшінші орны

16:40 «А» тобының екінші орны – «В» тобының екінші орны

19:00 «А» тобының жеңімпазы – «В» тобының жеңімпазы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button