
UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңі мәресіне жетіп, жарыстың плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар анықталды. Сегіз турдың қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген ұжымдар көктемгі шешуші ойындарға өтті.
Топтық кезеңді «Арсенал» бірінші орынмен аяқтады. Лондондық клуб 8 матчта 8 жеңіске жетіп, 24 ұпай жинады. Екінші орынға «Бавария» (21 ұпай) жайғасса, үздік үштікті «Ливерпуль» (18 ұпай) түйіндеді.
Жарыс регламентіне сәйкес, жалпы кезеңде алғашқы 8 орынға ие болған командалар 1/8 финалға тікелей жолдама алды. Бұл клубтар қосымша ойын өткізбей, бірден шешуші кезеңге өтеді.
1/8 финалға тікелей шыққан командалар:
-
«Арсенал»
-
«Бавария»
-
«Ливерпуль»
-
«Тоттенхэм»
-
«Барселона»
-
«Челси»
-
«Спортинг»
-
«Манчестер Сити»
Ал 9–24 орындарда орналасқан командалар қосымша плей-офф кезеңінде бақ сынайды. Олар екі матчтан тұратын қарсыласу арқылы қалған 8 жолдаманы сарапқа салады.
Плей-офф кезеңінде ойнайтын командалар:
-
«Реал Мадрид»
-
«Интер»
-
ПСЖ
-
«Ньюкасл Юнайтед»
-
«Ювентус»
-
«Атлетико»
-
«Аталанта»
-
«Байер»
-
«Боруссия Д»
-
«Олимпиакос»
-
«Брюгге»
-
«Галатасарай»
-
«Монако»
-
«Қарабах»
-
«Буде/Глимт»
-
«Бенфика»
Осылайша, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі 1/16 финалдан басталып, одан кейін 1/8 финалға жалғасады. Қарсыластар жеребе арқылы анықталатын болады.



