ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Арсеналға» жол берді

«Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі сегізінші турда Лондонның «Арсенал» клубынан жеңілді.

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ алматылық команда қарсыластың шабуылын тоқтатуға тырысты. Алайда 2-минутта «Арсенал» сапынан Виктор Дьёкереш есеп ашты.

7-минутта «Қайрат» таразы басын теңестіруге мүмкіндік алды. Лондондықтардың айып алаңында Жоржиньоға қарсы ереже бұзылып, шабуылшы пенальтиді дәл орындады.

Одан кейін қонақтар басымдықты қайта қолға алды. Кай Хаверц 15-минутта, ал Габриэл Мартинелли 33-минутта гол соғып, «Арсеналдың» артықшылығын арттырды.

Екінші таймда англиялық клуб ойынды бақылауда ұстауға ұмтылса, «Қайрат» қарымта шабуылдармен жауап берді. Қосымша уақытта, 93-минутта Рикардиньо есеп айырмасын қысқартты.

Ойын 3:2 есебімен «Арсеналдың» пайдасына аяқталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button