ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Qazsport» еурокубок матчтарын жаңа live-хайлайт форматында ұсынады

УЕФА Чемпиондар лигасының 8-туры аясындағы барлық 18 кездесу 28 қаңтар күні бір мезетте басталады. Осы ерекшелікке байланысты қазақстандық телеарналар көрермендерге өзгеше трансляция форматын ұсынбақ.

«Qazaqstan» телеарнасы бұл күні Англияның «Арсенал» клубы мен алматылық «Қайрат» арасындағы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Ал «Qazsport» телеарнасының эфирі португалиялық «Бенфика» мен испаниялық «Реал» арасындағы орталық матчтан басталады. Трансляция барысында тур аясындағы өзге кездесулерде соғылған барлық голдар live-хайлайт форматында жедел түрде көрсетіліп отырады.

Осылайша көрермендер бір уақытта өтіп жатқан барлық матчтардың маңызды сәттері мен голдарын бір эфирден тамашалау мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, 29 қаңтарда өтетін УЕФА Еуропа лигасының ойындары да дәл осы форматта эфирге шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button