
Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы атақты ойыншы Виктор Мозеспен келісімшарт жасасқанын ресми түрде хабарлады.
Тараптар 1+1 формуласы бойынша келісімге келді. Тәжірибелі футболшы жаңа командасында 11-нөмірмен алаңға шығады.
Виктор Мозес 1990 жылы Нигерияның Лагос қаласында дүниеге келген. Ол кәсіби мансабын 2007 жылы Англияның «Кристал Пэлас» клубында бастап, кейін «Уиган Атлетик», «Челси», «Ливерпуль», «Сток Сити», «Вест Хэм Юнайтед», «Лутон Таун» командаларында ойнады. Сондай-ақ Түркияның «Фенербахче», Италияның «Интер» және Ресейдің «Спартак» клубтарының намысын қорғаған.
2012-2018 жылдар аралығында Виктор Мозес Нигерия ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп, халықаралық аренада да мол тәжірибе жинады. Енді ол Қазақстан Премьер-лигасында «Қайсардың» жейдесін киіп, командаға өз үлесін қоспақ.



