ТЕННИС
Александр Шевченко Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстанның екінші, әлемнің 104-ракеткасы Александр Шевченко Мельбурнда өтіп жатқан Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына жолдама алды.
Алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші жарысқа іріктеу арқылы қосылған, рейтингіде 175-орындағы швециялық Элиас Имермен ойнады. Матч швед спортшысының басымдығымен басталды — 6:3. Алайда кейін Шевченко ойын тізгінін өз қолына алып, кері қайтуды жүзеге асырды — 7:5, 6:4, 6:1.
Үш сағаттан аса созылған тартысты кездесуде Шевченко 9 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды. Имер 1 эйс және 2 брейкпен шектелді.
Келесі кезеңде Александр Шевченко америкалық теннисшілер — әлемнің 29-ракеткасы Лернер Тиен немесе рейтингіде 51-орындағы Маркос Хиронның бірімен кездеседі.



