ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Конференция лигасы: 1/16 финал жұптары анықталды

Футболдан Конференция лигасының 1/16 финалының жеребесі белгілі болды. Бұл кезеңнің матчтары 19 және 26 ақпан күндері өтеді.

Жеребе нәтижесі бойынша төмендегі жұптар қалыптасты:

  • Ягеллония (Польша)Фиорентина (Италия)

  • Шкендия (Македония)Самсунспор (Түркия)

  • Ноа (Армения)АЗ Алкмаар (Нидерланд)

  • Сигма (Чехия)Лозанна (Швейцария)

  • Зриньски (Босния және Герцеговина)Кристал Пэлас (Англия)

  • Дрита (Косово)Целе (Словения)

  • Омония (Кипр)Риека (Хорватия)

  • КуПС (Финляндия)Лех (Польша)

1/16 финалдан өткен клубтар 1/8 финалда Конференция лигасының негізгі кезеңінде алғашқы сегіздікте болған командалармен кездеседі.

Турнирдің келесі кезеңдерінің күндері:

  • 1/8 финал: 12 және 19 наурыз

  • Ширек финал: 9 және 16 сәуір

  • Жартылай финал: 30 сәуір және 7 мамыр

  • Финал: Германияның Лейпциг қаласындағы «Лейпциг Штадиум»

Басқа жаңалықтар

Back to top button