
FIFA 2026 жылғы футбол әлем чемпионаты билеттеріне рекордтық деңгейде сұраныс түскенін хабарлады. Бір айға созылған өтінім беру кезеңінде 500 миллионнан астам өтінім қабылданды.
Алдағы уақытта FIFA 104 матчтың әрқайсысына жеке жеребе өткізеді. Ақпан айында таңдалған жанкүйерлер билет сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
Бұған дейін 2025 жылдың қазан-қараша айларында шамамен 2 миллион билет сатылған еді. Қазіргі мәлімет бойынша турнирге 4-5 миллион билет қалады деп болжанған.
2026 жылғы біріншілік билеттері бұрынғы дүниежүзілік чемпионаттармен салыстырғанда едәуір қымбат болмақ. Бұл — АҚШ, Канада және Мексикадағы турнирге сұраныстың жоғары болуымен және телеаудиторияның үлкендігімен байланысты. Сондай-ақ өтінімдердің бір бөлігі билетті ерте сатып алып, қайта сатуды жоспарлағандардан түскені де айтылады.
FIFA жеребе нәтижелері туралы жанкүйерлерге 5 ақпаннан бастап хабарлайды. Дүниежүзілік чемпионат 11 маусымда Мехикода ашылады. Қалған 104 матч Солтүстік Американың 16 қаласында өтеді.



