ФУТБОЛ

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметтен кетті

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов ұлттық командадағы жұмысын аяқтады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

Кембілов Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметіне 2023 жылы тағайындалған еді.

Сондай-ақ 19 жасқа дейінгі қыздар құрамасының аға бапкері Жанна Мальгаждарова да қызметінен кетті. Ол бұл құраманы 2025 жылдың мамыр айынан бері басқарды.

Мамандармен келісім екі тараптың келісімі бойынша тоқтатылды.

Федерация бірлескен мәлімдемеде:

«Қазақстан футбол федерациясы Мадияр Кембілов пен Жанна Мальгаждароваға атқарған еңбегі мен әйелдер футболының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Екі маман да ҚФФ құрылымында жұмысын жалғастырып, елдегі әйелдер футболын жүйелі дамытуға бағытталған алдағы жобаларға қатысады», — делінген хабарламада.

ҚФФ-ның техникалық даму комитеті жақын уақытта бас бапкер қызметіне жаңа үміткерлерді тыңдап, оның қорытындысын Атқарушы комитет қарауына ұсынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button