БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық киберспортшы HLTV нұсқасы бойынша әлемнің үздік дебютанты атанды

Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко HLTV.org порталының таңдауы бойынша CS2 дисциплинасы бойынша 2025 жылдың үздік дебютанты атанды. Жеңімпаздар HLTV Awards 2025 салтанатты рәсімінде жарияланды, онда Counter-Strike әлеміндегі үздік ойыншылар мен командалар марапатталды.

FURIA Esports сапында өнер көрсететін қазақстандық ойыншы бұл атақ үшін ресейлік Максим kyousuke Лукин (Team Falcons) және Косоводан шыққан Дрин makazze Шакир (Natus Vincere) сынды қарсыластарынан басым түсті.

Марапатты Голубенкоға Counter-Strike тарихындағы танымал ойыншылардың бірі, мароккалық-бельгиялық Адиль ScreaM Бенрлито табыстады. Ал «Жыл ойыншысы» атағы үшінші рет француз Матье ZywOo Эрбоға бұйырды. Маусым қорытындысы бойынша Голубенко HLTV-дің жалпы рейтингінде 6-орынға көтерілді.

20 жастағы Данил Голубенко — Семей қаласының тумасы. Ол 2025 жылдың көктемінде FURIA Esports командасына қосылды. Сол жылдан бастап бірнеше маңызды жетістікке қол жеткізді:

  • Астанада өткен ірі PGL турнирінің жартылай финалына шықты;

  • 21 қыркүйекте FISSURA Playgrounds 2 турнирінде командасымен жеңімпаз атанды (жүлде қоры — $1,2 млн);

  • сол турнирде MVP атағын иеленіп, жоғары деңгейдегі ойын шеберлігін дәлелдеді.

Бұл марапат қазақстандық киберспорт тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болып саналады әрі халықаралық аренада отандық ойыншылардың әлеуетін көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button