ФУТБОЛ

Қазақстандық футболшы Лев Скворцов Түркия клубымен келісімшартқа қол қойды

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Лев Скворцов ресми түрде Түркияның Серикспор клубының ойыншысы атанды. Клуб қазақстандық футболшымен бір жылдық келісімшартқа қол қойғанын жариялады.

«Серикспор» Түркия чемпионатының екінші дивизионы саналатын бірінші лигада ойнайды. Команда қазіргі уақытта 20 клубтың ішінде 12-орында тұр.

25 жастағы Лев Скворцов бұған дейін Қазақстан премьер-лигасындағы Астана, Атырау, Тұран және Ақтөбе клубтарында өнер көрсетті. Сонымен қатар ол Ресейде де легионер атанып, Химки және Шинник клубтарының намысын қорғаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button